Freedom Inside '26

Тоқаев газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізуді тапсырды

Тоқаев газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізуді тапсырды
akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы газдандыру деңгейін қазіргі шамамен 65 пайыздан 80 пайызға дейін жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде энергетика саласын дамыту мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін айтты.

«Қазіргі таңда елді газдандыру деңгейі шамамен 65 пайызды құрайды. Біз бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз. Дәстүрлі энергетикамен қатар Үкіметтің назары жасыл энергетиканы дамытуға да аударылды. Қазір оның еліміздің энергетикалық теңгеріміндегі үлесі 7 пайызға жетті. Өсіп келе жатқан экономиканы сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін 2029 жылға дейін 13 гигаваттан астам жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарланып отыр. Оның кемінде төрттен бірі жаңартылатын энергия көздері есебінен қамтамасыз етіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның энергетикалық теңгерімінде көмір, мұнай және газ әлі де басым үлеске ие.

«Көмірсутек шикізаты экспорттан түсетін табыстың ғана емес, қалалар мен ауылдарды жылу және энергиямен қамтамасыз ететін қолжетімді ресурс болып қала береді. Сондықтан газ инфрақұрылымын дамыту мемлекет үшін басым бағыттардың бірі