Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД аясындағы радиациялық жағдай мониторингі және «жасыл» энергия саласындағы стратегиялық әріптестікке қатысты екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Dala News.
Бірінші құжат ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу бойынша өзара іс-қимылды көздейді. Бұл келісім радиациялық қауіпсіздік саласында ақпарат алмасуды күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар Президент Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Құжат өңірлік деңгейде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және энергия алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.
