Тоқаев билігінің тұсында қанша адам генерал шенін алған?

Көркем Алдабергенова 06 мам. 2025 16:21 311

Соңғы алты жылда, яғни Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келген 2019 жылдан бері Қазақстанда 182 адамға генерал шені берілді. Бұл — еліміздің жоғары әскери және арнаулы қызмет жүйесінде үлкен қозғалыс болғанын көрсетеді. Бұл туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми түрде генерал шенінен айырылғандар да бар (мысалы, Кәрім Мәсімов), алайда ондай бұйрықтар ешқашан жарияланған емес.

Жыл сайын қанша генерал шені берілді?
Тоқаевтың кадрлық шешімдерінің хронологиясына көз жүгіртсек, мынадай көрсеткіштер байқалады:

Мамыр 2019: 6 генерал-лейтенант, 21 генерал-майор;

Мамыр 2020: 6 генерал-лейтенант, 16 генерал-майор;

Мамыр 2021: 2 генерал-лейтенант, 22 генерал-майор;

Мамыр 2022: 2 генерал-полковник, 5 генерал-лейтенант, 35 генерал-майор;

Қазан 2022: 1 генерал-полковник, 3 генерал-лейтенант, 11 генерал-майор;

Мамыр 2023: 4 генерал-лейтенант, 30 генерал-майор;

Мамыр 2024: 1 генерал-полковник, 3 генерал-лейтенант, 23 генерал-майор;

Мамыр 2025: 1 генерал-лейтенант, 24 генерал-майор.

Бірнеше мәрте шен алғандар
Президент Тоқаевтың қолынан екі рет жоғары шен алған 8 лауазымды тұлға бар. Олардың ішінде қазіргі және бұрынғы құқық қорғау, арнайы қызмет, әділет жүйесінің өкілдері бар:

Берік Асылов: әділеттің 2-класс кеңесшісі (2020), 1-класс кеңесшісі (2024);

Марат Ахметжанов: әділеттің 2-класс кеңесшісі (2019), полиция генерал-полковнигі (2022);

Олжас Бектенов: 3-санаттағы жоғары біліктілік класы (2020), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты (2022);

Юрий Ильин: генерал-майор (2020), генерал-лейтенант (2022);

Ғизат Нұрдәулетов: әділеттің 2-класс кеңесшісі (2019), 1-класс кеңесшісі (2022);

Ермек Сағымбаев: СГО генерал-майоры (2020), ҰҚК генерал-лейтенанты (2022);

Ержан Саденов: полиция генерал-майоры (2020), полиция генерал-лейтенанты (2023);

Қайрат Сүнтаев: 3-санаттағы жоғары біліктілік класы (2019), полиция генерал-лейтенанты (2022).

Олардың ішінде екеуі қызметтен кеткен, ал қалған алтауы қазіргі таңда президенттің «гвардиясы» — ықпалды әрі сенімді шенеуніктер шеңберінде саналады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар