Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президенттің баспасөз қызметі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмайтынын мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының туған күніне орай қандай да бір салтанатты шаралар өткізілмейді. Президент бұл күнді атап өтпейді", – деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген.
Биыл Президент 72 жасқа толады.