Тоқаев Бауыржан Әленовті жаңа қызметке тағайындады

Көркем Алдабергенова 07 қаз. 2024 09:10 2546

Алматы облысының Полиция департаментін басқарған Бауыржан Әленов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Бұған дейін Президент Марат Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты етіп тағайындаған болатын. 

Ал Бауыржан Әленов 2022 жылы 2 тамызда Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалған еді. Ол 1976 жылы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген.

Білімі – құқықтану, заң ғылымдарының магистрі. 2004 жылы «Фемида» заң институтын, 2012 жылы Қарағанды ​​заң институтының магистратурасын тәмамдаған.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады. Ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар