"Тыныштық беріңіздер". Мұхтар Шахановтың келіні елге үндеу жасады

Ақтоты Жапатова 07 ақп. 2026 16:51

Әлеуметтік желіде өзін ақын Мұхтар Шахановтың келіні ретінде таныстырған Жаңагүл Өмірбекова қайын атасының қазіргі жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Оның айтуынша, ақынның денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы өте ауыр.

Жаңагүл Өмірбекова жазбасында Мұхтар Шаханов айтқанын тез ұмытып қалатын науқас күйде екенін, сондай-ақ жақында екінші ұлынан айырылғаннан кейін психоэмоционалдық жағдайы қатты әлсірегенін атап өтті.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ақын қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар.

"Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеуге, қаралауға ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға", - деп жазды ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove