Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Ақорданың хабарлауынша, Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.
Тимур Сүлейменов 2023 жылдан бері Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарып келген. Бұған дейін, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.
2019-2022 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ 2019 жылы Президенттің көмекшісі және Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді.