Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындалды

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындалды
Фото: Ақорда

Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми хабарламасында айтылды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды", – делінген ресми ақпаратта.

Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.