Tesla жыл аяғына дейін ұшатын көлік шығаруы мүмкін
Сағыныш Сардарова04 қар. 2025 12:47
Илон Маск 2025 жылдың соңында Tesla-ның ұшатын көлігін таныстыруы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Илон Маск Джо Роганның подкасында Tesla-ның ұшатын көлік прототипі 2025 жылдың соңына дейін таныстырылуы мүмкін екенін айтты.
Илон Масктің айтуынша, жаңа технология келесі буын Tesla Roadster моделінде жүзеге асуы мүмкін. Ол толық мәлімет бермей, "ресми хабарландыруға дейін ештеңе айта алмаймын" деп шектелген.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа Roadster тік ұшу мен қонуға қабілетті болуы мүмкін. Мұндай жоба жүзеге асса, Tesla көлік индустриясында жаңа дәуірді бастайды.