Терроризмді насихаттаған төрт қазақстандық ұсталды

Терроризмді насихаттаған төрт қазақстандық ұсталды
ҰҚК
Терроризмді насихаттап, экстремизммен айналысқан төрт қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Терроризмді насихаттап, экстремизммен айналысқан төрт қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады.

Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктелуде.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.