Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жөніндегі операцияны жүргізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
7 және 12 мамырда шет елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы жеткізілді.
"Олар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды. Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК өкілдері.