Биыл Қазақстанда да жұмыс істейтін Chevron компаниясын қоса алғанда, өзге ірі мұнай алпауыттары да мыңдаған жұмыс орнын қамтыған ауқымды қысқарту жоспарын жариялады.
Bloomberg дерегінше, Exxon Mobil қызметкер санын қысқартуға дайындалып жатыр. Компания шағын жергілікті өкілдіктерін жаппақ және оларды аймақтық хабтарға біріктіруді көздеп отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл бизнесті қайта құрылымдауға бағытталған ұзақмерзімді жобаның бөлігі. Жоспарланған қысқартулар корпорация қызметкерлерінің бүкіл әлем бойынша шамамен 3–4 пайызын қамтиды.
Алайда Exxon жағдайында әңгіме бірнеше жылдан бері жоспарланып келе жатқан ұзақмерзімді қайта құрылымдау туралы болып отыр.
2019 жылдан бері корпорация шығындарын 13,5 млрд долларға қысқартқан. Бұл шара оған табысты сақтап қана қоймай, өндірістік көрсеткіштерді арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Exxon Mobil құрылымдарында 61 мың адам жұмыс істейді.
Жоспарланған қысқартулар мен аймақтық кеңселерді ірілендірудің Қазақстандағы Exxon Mobil жобаларына әсері әзірге белгісіз. NCOC америкалық корпорациясының құрамында Қашаған кен орнын игеру консорциумындағы 16,81% үлеске, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС-дегі төрттен бір үлеске иелік етеді.