Tenge Oil & Gas қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін тағы айыппұл арқалауы мүмкін

Tenge Oil & Gas қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін тағы айыппұл арқалауы мүмкін
Фото: ЖИ

Tenge Oil & Gas компаниясына өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін тағы да айыппұл салынбақ, деп хабарлайды dalanews.kz.

Nege.kz мәліметінше, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы компанияға тиесілі қауіпті өндірістік нысандарды тексерген. Бұған дейінгі жоспарлы тексеру кезінде 54 заңбұзушылық анықталып, оларды жою жөнінде нұсқама берілген.

Алайда кейін жүргізілген жоспардан тыс тексеріс компанияның төрт талапты әлі де орындамағанын көрсетті. Осыған байланысты Tenge Oil & Gas қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Еске салайық, компанияға жыл басынан бері тағайындалған айыппұлдардың жалпы көлемі 27,3 млн теңгеден асқан.

Tenge Oil & Gas компаниясы 2015 жылы Жаңаөзен қаласында тіркелген. Кәсіпорын мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысады.