Freedom Inside '26

Теңге әлемдегі ең жылдам нығайған валюта атанды

Теңге әлемдегі ең жылдам нығайған валюта атанды
Pixabay.com

Қазақстандық экономист, Ұлттық банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Таяу Шығыстағы жағдай аясында теңгенің айтарлықтай нығайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның дерегінше, 28 ақпаннан бері теңге долларға шаққанда 7%-ға күшейген. Ал 2025 жылдың қараша айының басынан есептегенде өсім 13%-ға жеткен.

6 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша KASE алаңында доллар бағамы 461 теңге деңгейінде бекіді.

Салыстырмалы түрде, 2025 жылдың қыркүйегінде доллар бағамы 549 теңге болған.