Теміртауда өткен Kia Basketball Fest фестиваліне 9 500-ден астам адам қатысты

Теміртауда өткен Kia Basketball Fest фестиваліне 9 500-ден астам адам қатысты
Фото: Qarmet

19 шілде күні Теміртаудағы "Qarmet Park" ("Еңбек даңқы саябағы") аумағында Kia Basketball Fest өтті. Іс-шараны Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Kia бренді Қазақстандағы ірі тау-кен металлургиялық компания Qarmet-пен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Фестиваль Металлургтер күніне орай өтті. Оның аясында қалаға сыйлық ретінде FIBA 3×3 стандарттарына сай салынған баскетбол алаңы ашылды.

Фестивальге 9 500-ден астам адам қатысты.

3×3 турнирі үш санат бойынша өтті. Ойындарға ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер қазылық етіп, жарыс FIBA 3×3 ережелері бойынша ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар:

  • Men PRO: Samal Dragon, MVP – Жәңгір Дүйсенов;
  • U18 жасөспірімдер: «Джабджики», MVP – Еркебұлан Қанат;
  • U18 қыздар: «Қарағанды», MVP – Алина Әмірханова.


Media Basket көрмелік матчына Қазақстан сахнасының танымал өкілдері қатысты. Олардың қатарында RaiM, SHIZA, LEGORUS, SHYNGYS, SIXO, KUSH, SOLAKAI, AITKALI, RUSLAN, KALI, MIRONOV, BAHA, ROBERT PAN, ALGA PETERBURG және NURMANBETOV MADIYAR болды. Матчта RaiM командасы жеңіске жетті.

Фестиваль кешін хедлайнерлер RaiM мен SHIZA қорытындылады. Олардың өнері бас сахна алдына жиналған көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Kia Basketball Fest бір күндік фестиваль ретінде ғана қалып қоймай, жаңа дәстүрдің бастауына айналды. Енді Теміртаудағы Металлургтер күні қалалық спорт кеңістіктерінің ашылуымен және бүкіл отбасыға арналған ауқымды мерекемен байланысты болмақ.

Фестивальдің серіктестері – Kia, Qarmet және Теміртау қаласының әкімдігі.