Темірден түйін түйетін шебер ойын алаңдарын жасауда

Dalanews 11 нау. 2021 12:16 1081

Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының тұрғыны Темірхан Канашов темір бұйымдарын жасап, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды дайындайды. Енді осы машығын жетілдіріп кәсіпке айналдырмақшы, – деп хабарлайды Dalanews.kz  Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Темір бұйымдарын өңдеп, кескінін қию үшін қажетті жабдықтарын да сатып алған. Соның арқасында көлемді тапсырыстар алып, кейбір құрылыс мекемелерінің де қажеттілігін өтеуде.

Темірден түйін түйетін шебер  зейнетақысына қарап отырмай, бос уақытында кәсіп қылып нәпақасын тауып отыр.

– Қазіргі уақыттта ауданның 2 тұрғынын жұмыспен қамтып отырмын. Бастапқыда балалар ойын алаңдарын немерелеріме жасап бердім. Содан соң қызығушылығым оянып, былтырдан бастап жалпы кәсібіме айналдырдым.


Облыс көлеміндегі бала-бақшалардың ойын алаңдарына әткеншек, сырғанақ секілді бірнеше дүниеге тапсырыс алып отырмын. Қолымнан шыққан бұйымдарды алдағы уақытта ары қарай дамытсам деген ойдамын, – деді жеке кәсіпкер Темірхан Канашов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар