Темірден түйін түйетін әйел-ұста Жетісайда тұрады

Dalanews 15 жел. 2018 08:55 779

Түркістан облысында ер азаматтардың ғана қолынан келетін ерекше кәсіпті меңгерген бұрымды жан бар.

Айжан Исаеваны мақтааралдық тұрғындар дәнекерлеуші маман ретінде жақсы таниды. Оның қолынан шыққан үйге қажетті заттар қазір сұранысқа ие. Отағасымен бірге темірден түйін түйіп, кәсіп етіп келе жатқан нәзік жандының алға қойған жоспары да ұшан-теңіз.

Айжан Исаева бала кезінен қуыршақтан гөрі темір-терсекпен ойнауды құп көріпті. Нәзік жандыға үй шаруасынан бұрын дала жұмысын жасау ыңғайлы көрінеді.

Мұнысын жұбайы Алланазарда байқаған. Сосын отағасы Айжанға дәнекерлеу ісіндегі ең бірінші қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйреткен. Қазір отбасы болып, бірге еңбек етіп келеді.

Айжан Исаева, дәнекерлеуші:

- Мен өзім кішкентай кезімнен ұлдардың арасында өстім ойнап. Сөйтіп ұл секілді осындай нәрсеге қызығамын. Маған әйелдердің жұмысынан гөрі ерлердің жұмысы оңай сияқты көрінеді. Үйдің тірлігіне де, жалпы ер кісінің ісіне де үлгеремін.

Жетісай қаласында тұратын Молдасламовтарға тапсырыс жетерлік.

Ерлі-зайыптылар аудандағы жекеменшік мекемелердің бірінде қызмет етеді. Алланазардың негізгі мамандығы музыкант. Өнер әлемінде із қалдырмағанмен, 15 жылдан бері дәнекерлеуші болып жұмыс істеп келеді. Бұл салаға әйелінде баулып жүрген өзі.


Алланазар Молдасламов, А.Исаеваның жұбайы: - Өзі икемге келіп, мен сварка жасап, ол да соны істеп қолынан келіп жатқан соң мен ешқандай қарсылық білдірген жоқпын. Үйдің шаруасына келсек, үйде де тамақты дәмді етіп істейді. Қолынан бар нәрсе келеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар