Тайландтан поштамен есірткі алдыртқан төрт адам ұсталды

Тайландтан поштамен есірткі алдыртқан төрт адам ұсталды
видеодан кадр

Тайландтан халық тұтынатын тауар түрінде пошта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу дерегі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен "DHL" курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп бұл қылмыстың алдын алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қызметтік ит көмегімен "DHL" уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.

"Жедел тергеу іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 грамм марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажет басқа да заттар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 4 күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Агенттік ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтерді жария етпеді.