Таяу Шығыстағы қақтығыс: Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын

Сағыныш Сардарова 03 нау. 2026 14:17

Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты бейтарап ұстанымын сақтайды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан үшінші мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатын ұстанады және қақтығыста ешбір тарапты қолдамайды.

"Қазақстан әскери текетірестес болмағанын қалайды, ал туындаған жағдайда мәселе дипломатиялық жолмен, халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сәйкес шешілуге тиіс деп есептейді", -  деді ол.

Сондай-ақ, СІМ өкілі Қазақстан қажет болған жағдайда келіссөз өткізуге алаң ұсынуға дайын екенін айтты. Алайда бұл үшін қақтығысушы тараптардың ресми өтініші болуы керек.

Ол Қазақстанның мұндай тәжірибесі бар екенін еске салды. Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздерге Алматыда алаң ұсынылған. Сонымен қатар, Сирия бойынша 20-дан аса келіссөз раунды өткен. Десе де қазір Қазақстанға мұндай өтініш түспеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove