Таяу Шығыстағы ахуал: отандық тауарлар логистикасында қиындықтар туындауы мүмкін бе?

Кәмшат Тілеухан 23 мау. 2025 15:18

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 23 маусымда Сенатта Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол, әзірге бұл ретте қандай да бір болжам жасауға әлі ерте деп санайды. Қазақстан жағдайды сырттай бақылап, қос тараптар арасында бейбіт келісімге қол жеткізіледі деп үміттенеді.

"Мұндай да біз не жоғалтауымыз мүмкін, сол жайына келетін болсақ. Негізінен, Қазақстан Иранға азық-түлік тасымалдайды. Менің ойымша, бұл оқиғалар оған әсер етпейді. Кез-келген жағдайда халыққа тамақ керек, ел көлемі үлкен. Бізді тек алаңдататын жалғыз нәрсе бар, ол - логистика. Оңтүстікке апаратын жалғыз теміржол Иран арқылы өтеді. Басқа жол жоқ, әрине біз осы жолдың жабылғанын қаламаймыз", - деді Серік Жұманғарин.

Ол қазақстандық экспорттың көлемі онша көп емес екенін атап өтті, өйткені Иранның темір жолдарының жағдайы жақсы емес. Өткен жылы Иранмен арадағы тауар айналымы шамамен 350 миллион долларды құрады. Биылғы алғашқы бес айда бұл көлем 120 миллион доллардан асты.

"Бізде қосымша нұсқалар бар, негізі. Грузиядағы ТМТМ (Транскаспий халықаралық көлік бағыты), Қытайдың Ляньюньган порты арқылы да шыға аламыз. Бұл логистиканы біршама қиындатады, бірақ егер біз үшін ұзақ мерзімді салдар туындап жатса, онда біз осы маршруттарды ойластырып, бизнесмендерге көмектесетін боламыз", деп сөзін түйіндеді Жұманғарин.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар