Таулы Қарабақта ұрыс түні бойы жалғасты

Dalanews 05 сәу. 2016 02:48 827

Армения қорғаныс министрлігі Әзірбайжан әскерінің өткен түнде Таулы Қарабақта "Смерч" жаппай атқылау реактивті жүйесін қолданғанын мәлімдеді.

Армения әзірбайжан әскерінің күн өткен сайын ірі ұңғымалы қару қолданып жатқанын айтуда.

Елдің қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы елді мекендер мен танылмаған мемлекеттің қорғаныс әксерінің шептері оқ астында қалғанын хабарлады. Әзірбайжан жағы ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын қолданып отырғаны, оның бірі атып түсірілгені туралы хабар тарады.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі соңғы екі күнде Таулы Қарабақтағы қақтығыста он алты әзірбайжан әскери қызметшісінің қаза тапқанын мәлімдеді.

Әзірбайжан жағының хабарлауынша, "түні бойы майданның барлық шебі мазасыз болған". "Армян күштері әскерлер шектесетін сызықта орналасқан елді мекендерді атқылауын тоқтатар емес дейді", – қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Таулы Қарабақтағы шектесу сызығында жауласқан тараптар арасындағы жағдай 2 сәуірге қараған түні күрт шиеленісіп кетті: кескілескен ұрыстар басталып, соңында екі жақ оқ атпау туралы бітімді бұзғаны үшін бір бірін айыптады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар