Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында көп балалы отбасылар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке баспанаға ие болды. Аудандағы бақытты жаңа қоныстанушылар саны 8 отбасына артты. Аудан әкімі К.Байгонусов барлығына кілт тапсырып, осы атаулы күнмен құттықтады.
- Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде азаматтардың барлық санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша бір қатар мемлекеттік бағдарлама іске асырылады. Елбасы Н.Назарбаев және ел Президенті Қ.Тоқаев тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгін осындай тамаша мереке күні біз мағыналы оқиғаны – жаңа баспаналарды пайдалануға беруді атап өтеміз, - деп белгіледі К.Байгонусов.
-Қуанышымызда шек жоқ. Меншік үйіміздің болуы үлкен арманымыз болып еді. Осындай қуанышты оқиғалар көбейе берсін! Осындай мереке қарсаңында меншік баспана алуымыз өте атаулы. Ол ең алдымен Елбасымыз Н. Назарбаевтың данышпан саясатының арқасы, осының барлығын а мемлекеттің мүмкіндігі болды, бізге баспана алуға көмектесті. Еліміздің Президенті Қ. Тоқаевқа, облыс әкімі Д. Ахметовке және аудан әкімі Қ. Байгонусовқа үлкен рахмет,- дейді бақытты жаңадан қоныстанушылар.
Барлық үйлер «Нұрлы Жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды. Аудан кәсіпкерлері үйлерді жеке қаражаттарына салады. Дайын баспананы мемлекет сатып алады.
Келесі жылы ауданда тағы 20 үй тұрғызу жоспарлануда.