Тәуелсіздік сыйы. ШҚО-да бұрынғы аудан орталықтарын түлету ісі қолға алынды

Dalanews 08 жел. 2021 07:33 703

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы бойынша ауыл туризмін дамытуға ерекше көңіл бөліп, ауылда туристік инфрақұрылым құратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған гранттар жүйесінің жобасы әзірленбекші, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдағы уақытта Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында спорт модулінің құрылысы басталып, ауылдық аурухана заманауи медициналық техникамен жабдықталатын болады. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 30 тұрғын үйдің құрылысына қаржы бөлініп, балалар және спорт алаңдары орнатылады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетіледі. Айта кетейік, Катонқарағай кәсіпкерлерінің алғашқы жобасы сәтті басталды.

– Блокты-модульді станциялардың құрылысы, ауылдық елді мекендерге дейін автомобиль жолдарын жобалау және қайта жаңарту, жылумен және сумен жабдықтау мәселелері, әлеуметтік объектілер мен тұрғын үйлер құрылысы, жұмыспен қамту, спортты, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту – бұл бұрынғы аудан орталықтарын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаның басы, – деп атап өтті облыс басшысы Даниал Ахметов.

Жұмыс істейтін жастардың тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, цифрлық өркениеттің барлық игіліктерінің қолжетімділігі – бұл қазіргі заманғы, дамып келе жатқан ауылдың бейнесі.

Егер жастарға барлық жағдай жасалып, жұмыспен қамтамасыз етілсе, ауылдан кетуді азайып, керісінше жаңашыл аудандардың келбетін көтеріп, жұмыс орындарын ашуға баса көңіл бөленеді.

Барлық жоспарлардың орындалуы үшін бұрынғы аудан орталықтарын қолдаудың мақсатты бағдарламасы жыл сайын жаңа жобалармен толықтырылатын болады. Бұл фермерлерге көмек көрсетіп, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, медициналық пункттер және басқа да маңызды нысандар салу үшін қаражаттың бөлінуін қадағалау керек, деп түйіндеді облыс әкімдігі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар