– Баламыздың Тәуелсіздік күні дүние есігін ашқанына өте қуаныштымын. Біздің отбасымыз үшін Тәуелсіздік күнінің орыны қашанда ерекше-тұғын. Енді бұл күн сәбиіміздің туған күнімен ұштасып, бұл күннің қадірі арта түсті десем болады. Алдағы уақытта біздің отбасымыз қос қуанышты қатар тойлайтын болады. Бүгін дүниеге келген сәбилер ержетіп, Қазақстанның дамуына өз үлессін қоссын деп тілек арнаймын, – деп сәбилі болған ана қуанышымен бөлісті.
Соңғы шылдары ШҚО-да бала мен ананың денсаулығын нығайту ісіне баса көңіл бөлінуде. Жыл өткен сайын өңірді туу көрсеткіші артып келеді. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 22 000 сәби дүние есігін ашқан болатын. Дәрігерлер жыл аяғына дейін өмірге келетін балалардың саны 22 800-ге жетіп қалатынын алға тартты.