Бір жағынанан қарасаңыз, ядролық сынақтан жапа шеккен өңірде осындай игілікті жұмыстардың атқарылуы орынды екенін де аңғарасың. Кеңес замананда салынған жан жарасы Тәуелсіздік жылдары біршама жазылып қарақотырланды.
Осылайша облысы басшылары облыстағы халықтың денсаулығын жақсартуға баса көңіл бөлумен болды. Бұл бағыттағы жұмыстар Даниал Ахметовтың тұсында қарқын алғанын атап айтуымыз керек.
Тәуелсіздік жылдары өңірде денсаулық сақтау саласының қаншалықты өркендегенін ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков айтып берді.
– Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Керек десеңіз, бұл сала еліміз үшін стратегиялық бағыт болғаны анық. Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласын дамытып, сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында көптеген жұмыстар қолға алынып, өз нәтижесін берді.
Иә, еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген тоқсаныншы жылдары дансаулық сақтау саласы де көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарбадал саясатының арқасында алдымыздан шыққан қиындықтарды қысқа уақыттың ішінде еңсеріп, еліміз дамуға бет алды. Осы мемлекетіміздің даму жылдары денсаулық сақтау саласы үлкен өзгерістерді бастан кешірді. Сала қызметкерлері бұрын армандаған медициналық нысандар бой көтеріп, замнауи медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.
Білікті мамандарды дамыған елдерде біліктілігін шыңдап, олардың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік туды. Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болды. Сондықтан біздер Тәуелсіздігімізді қастерлеп, қадіріне жетуміз керек, – деп басқарма басшысы көкейде жүрген ойларын ортаға салды.
Иә, мемлекетіміз денсаулық саласына барынша көңіл бөліп, халықтың өмір сүру жасын көтеру жолында көптеген жұмыстар атқарғаны анық. Айталық, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылы еліміз бойынша денсаулық жылы жариялап, саланы сауықтыруға айрықша көңіл бөлген болатын. Дәл осы жылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының көлемі артып, еліміздегі медицина мекемелерінің материалды-техникалық базасы жаңарып, үлкен алға жылжушылық орын алғаны есімізде. Міне, содан бері денсаулық сақтау саласына өсіп-өркендеумен болды.
1991-2021 жылдар аралғында Шығыс Қазақстан облысы аумағында екі қалалық, алты аудандық емхана, 38 дәрігерлік амбулатория, 47 медпункттер салынды. Бұдан басқа екі туберкулезге қарасы емхана, Қан орталығы, бұдан басқа көптеген жекеменшік клиникалар бой көтергенінен атап айтуға болады. Осындай игілікті жұмыстардың арқасында халықтың денсаулығы нығайып, өлім-жітім айтарлықтай төмендеді.