Жалпы Шығыс Қазақстан облысында ауыл халықын сапалы ауыз сумен қамту ісі 2015 жылы қарқын алған болатын. Дәл осы жылы өңірдегі халықты ауыз сумен қамтитын нысандарды салуға және жөндеуге жыл сайын бөлініп жүрген қаржыдан 8 есе жоғары ақша бөлінген-ді. Соның арқасында Шығыс Қазақстан облысындағы орталықтандырған ауыз су жүйесі көрсеткіші 85 пайыздан 96,5 пайызға дейін ұлғайды Осылайша ауыл халқы сапалы ауыз суға қол жеткізді.
– Қала мен ауыл халқының тұрмыс жағдайын теңестіру жолында Тәуелсіздік жылдары көптеген жұмыстар атқарылды. Соның бірі халықты сапалы ауыз сумен қамту ісі. 2015 жылы мемлекет қазынасынан бөлінген қыруар қаражаттың арқасында облыс аумағындағы 294 ауылдың су құбырларын салынды. Осын ауқымды жұмыстың арқасында ауылды жерде тұратын 288 мың адамның сапалы ауыз суға қолжетімділігі артты, – деп ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтқан болатын.
Өз кезегінде облыс басшысы 2025 жылға дейін өңірдегі 84 ауылдың ауыз су құрбырларын жаңадан салып, 33 ауылдың су құбырларынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін алға тартқан болатын. Бұған мемлекет қазынасынан 75 млрд теңге қарастырылып отыр екен. Осылайша 2025 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бәрін сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Үстіміздегі ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту ісі бойынша 63 жоба жүзеге асып, оған 55,2 млрд теңге жұмсалғанын айта кетуіміз керек. ШҚО-да адам саны аз ауылдарда су тазартатын стансалар орнатылған. Айталық, өткен жылы 51 станса орнатсылса, биыл олардың саны 52 жетіп, бұған облыс бюджетінен 484,5 млн теңге жұмсалған.