«Татнефть» Қазақстандағы «Бутадиен» жобасынан шықты

Көркем Алдабергенова 05 ақп. 2026 13:24

Татнефть Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы тиіс болған «Бутадиен» жобасына қатысудан шыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Petro council мәліметінше, құны шамамен 1 млрд АҚШ доллар болатын бұл жоба Атырау облысы аумағында бутадиен және соның негізінде өндірілетін өнімдерге арналған ірі мұнай-химия кешенін салуды көздеген. Жоба жоғары қосылған құны бар мұнай-химия өнімдерін дамытудағы стратегиялық бастамалардың бірі ретінде қарастырылған.

Бастапқы кезеңде жоба бірлескен кәсіпорын форматында жүзеге асырылып, оның 75 пайызы «Татнефтьке», ал 25 пайызы қазақстандық тарапқа тиесілі болған.

Бұған дейін, өткен жылдың желтоқсан айында, EPC-мердігерді анықтау жоспарланған еді. Бұл жобаның белсенді іске асыру кезеңіне өтуін білдіруі тиіс болатын. Алайда қазіргі таңда негізгі стратегиялық серіктестің жобадан шыққаны белгілі болып отыр. Бұл жағдай жобаның әрі қарайғы мерзіміне де, оны жүзеге асыру форматына да тікелей әсер етуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove