Тасқын: БҚО-да Сібір жарасы таралуы мүмкін деген қауіп бар

Көркем Алдабергенова 10 сәу. 2024 09:35 3747

Тасқын судан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысында да Сібір жарасы таралуы мүмкін деген қауіп бар. Себебі жұқпалы аурудан арам қатқан малдың 14 қорымын су шайып кетті деген ақпарат тарады. Дегенмен оны құзырлы органдар бұл мәліметті ішінара жоққа шығарып отыр. Су астында тек осындай өлексе көмілген үш қорым қалған екен, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала есеп бойынша, өңірде суға кеткен 219 ірі қара, мың жарымнан астам ұсақ мал мен 97 шошқа және жүзге тарта тауық арам қатқан. Инфекция таралмау үшін тасқын болған жерлерден ветеринарлар өлекселерді жинап алып көзін жоюды бастаған.

Енді тұрғындар су шайған қорымдардан Сібір жарасы тарай ма деп қорқады. Дегенмен ветеринария басқармасындағылар ондай қауіптің жоқ екенін айтады.

"Жалпы Сібір көмінділері біздің облыста 222. Соның 34-і Сырым ауданында. Осның үшеуін Өлеңті ауданыда Жымпиты кеше суға кеткен кезде су басқан. Бірақ қазір су басылды. Еш қауіп жоқ. Тиісті ветеринарлық шаралар іске асырылып жатыр", - дейді БҚО Ветеринария басқармасы басшысының орныбасары Абзал Бірәлиев. 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар