Fox News жазуынша, баяндама банк жазбаларының скриншоттары бар.
«Комитет сарапшылары Байден әулетінің есеп-шотына Қытай, Қазақстан, Ресей және Украинадан миллиондаған доллар ауғанын анықтады. Президент отбасының мұның қайтарымы ретінде қандай қызмет көрсеткенін анықтау үстіндеміз. 20 млн доллар аз ақша емес...» делінген құжатта.
Белгілі болғандай, "ескі Қазақстанның" өкілі, олигарх Кеңес Рақышевтың транзакциялары осы есепке іліккен.
Рақышев қазақстандық кәсіпкер, Fincraft Group холдингінің президенті, Net Element, Fastlane Ventures директорлар кеңесінің мүшесі, Singulariteam негізін қалаушылардың бірі. Forbes журналының «Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің ТОП-50», «Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің ТОП-50» тізімдеріне енгізілген.
Сонымен қатар, ол ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың қызы Әсел Тасмағамбетоваға үйленген.
"Байден бұл адамдармен немесе олардың өкілдерімен жеке кездескен" - дейді Жеймс Комер (суретте).
Бұдан бөлек, Комер Хантер Байден әкесінің ықпалын пайдаланып, Қазақстан, Ресей және Украинадағы олигархтардан миллиондаған ақша алғанын айтады.
Бұған дейін, әлі АҚШ президенті болған кезде, Трамп БАҚ-ты «Байденнің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін екенін жасырды» деп айыптаған еді. Ол Байденнің ұлы Хантердің шетелден төлемдер алғанын бірнеше рет айтқан.
20 маусым АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден үш федералды қылмысқа барғанын мойындады.