Тәшиевтің жақтастарының бірі Қазақстанмен шекарада ұсталған

Cағыныш Сардарова 18 ақп. 2026 16:48

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің жақтастарының бірі Қазақстанмен шекарада ұсталған. Бұл туралы қырғыз БАҚ жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қырғызстандық БАҚ Қамшыбек Тәшиевтің жақтасы Нұрғазы Анарқұлов ұсталғанын хабарлады.

Мәліметке сәйкес ол Қазақстанмен шекарада, Қырғызстан аумағына кірер кезде қолға түскен. Алдын ала деректе Анарқұлов Қырғызстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді қолдауға шақырғаны айтылады.

Дереккөз мәліметінше, құқық қорғау органдары оның тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізген. Кейін ол Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алайда, кей дерекке қарағанда, ол Ыстамбұл қаласында, Түркия аумағында ұсталған.

Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove