"Тарифтер өсіп жатыр". Сәуір айында да инфляция үдеп, жылдық мәнде 10,7% болды

Кәмшат Тілеухан 02 мам. 2025 15:30 365

2025 жылғы сәуірде екпін алған жылдық инфляция деңгейі 10,7% болды. Ұлттық статистика бюросы мәліметтеріне сүйенсек, бұл жолғы инфляцияның үдеуіне азық-түліктен гөрі ақылы қызметтердің ықпалы басым. Ал айлық инфлция көрсеткіші осымен екінші ай қатарынан аздап төмендегенімен, салыстырмалы түрде жоғары болып саналады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросы келтірген мәлімттер бойынша, күрт өсім коммуналдық тарифтерде (2024 жылғы сәуірмен салыстырғанда) байқалады: суық су – +89,1%, кәріз жүйесі – +23,5%, орталық жылу – +18,7%, қоқыс шығару – +16,2%, ыстық су – +14,4%, газ (тарату желілері арқылы) – +13,3%, электр энергиясы – +11,7%,  тұрғын үйді күтіп-баптап ұстау – +10,3%

Жекелеген қызметтер бойынша: кешенді демалыс қызметтері – +70,1%, байланыс тарифтері – +15,8%, шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары – +15%, санаторий қызметтері – +14,6%, денсаулық сақтау қызметтері – +14,3%, жеке автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету – +13,3%, қоғамдық тамақтану – +12,7%, тұрғын үйді жалға алу – +15,3%.

Көлік тасымалы қызметтері: теміржол жолаушылар тасымалы – +24,7%, қалалық автобуспен жол жүру – +11,1%, әуе тасымалы – +9,6%.

Азық-түлік: картоп – +79%, пияз – +63,8%, қырыққабат – +46,8%, күнбағыс майы – +20,8%, минералды және ауыз су – +16,8%, банан – +16,7%, қызанақ – +14,1%, кондитерлік өнімдер – +13,5%, сиыр еті – +13,2%, алкоголь және темекі – +12,7%, алкогольсіз сусындар – +12%, сары май, қамыр өнімдері – +11,4%, қой еті, балық және теңіз өнімдері – +11,1%ү

Бағасы төмендеген өнімдер:

  • Қарақұмық жармасы: –15,1%, күріш: –6,9%, жұмыртқа: –5,6%

"2025 жылғы сәуірде орташа республикалық көрсеткіштен жоғары инфляция 5 өңірде тіркелді, оның ішінде  Астана қаласы – 13,8%, Қарағанды облысы – 12,8% және Ақмола облысы – 11,8% көш бастап тұр", делінген статистика бюросы хабарламасында.

Айта кетсек, наурыз айында еліміздегі жылдық инфляция көлемі 10%-ға жеткен еді


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар