«Басты құндылық – адам» деген ұстанымдағы қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ата Заңымызда солай делінген.Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтарының сақталуы.Ата заңымызда жазылған ережені сақтай отыра, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің ішкі тәртіптерін енгізген болатын.
Ең алдымен – университетте еңбек тәртібі, қызметтік әдеп, жалпыға ортақ этика жоғары деңгейге көтерілген. Бірінші басшыдан бірінші курстың студентіне дейін еңбек ету, білім алу барысында демократиялық ұстанымдарға негізделген құқықтық қағидалар мен адамгершілік құндылықтарына бағынады.Сондықтан да университетте «ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративтік әдеп кодексі», «ҚазҰУ студентінің ар-ождан кодексі», «ҚазҰУ-дің Этика жөніндегі кеңесі туралы Ереже» секілді құқықтық-нормативтік актілер толық күшіне енген.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық студенттер қауымдастығы ар-намыс кодексін құрушы ұйым,ұйымның мақсаты-бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына ықпал ету.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығының студенттерге арналған ар-намыс кодексінен үзінділерді ұсынғымыз келіп отыр:
-Университеттің жоғарғы санатты және адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып;
-Университеттік қауымдастықтың бірлескен мәдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кәсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы және отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып;
-ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкерлермен және жоғары оқу орнының әкімдігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып;
-ҚазҰУ студентінің аталып отырған Ар-намыс кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.Ар-намыс кодексі 13-баптан тұрады. Ар-намыс кодексі студенттің-Қазақстан Республикасының лайықты азаматы, таңдаған мамандығының шебері болуға, өз бойында шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылуға жетелейді деп ойлаймын. Студент -өзінен үлкендерге құрметпен қарауға, өзін қоршаған адамдарға дөрекілік көрсетпейді, мүмкіндігінше әлеуметтік қорғалмаған адамдарға қамқорлық көрсетуге шақырады.Студент – әдептіліктің, мәдениеттің және адамгершіліктің үлгісі, өнегесіздікке қарсы, дініне, ұлтына және жынысына байланысты кемсітушілікке жол бермейтін елінің нағыз патриоты болуға жетелейді.Студент -салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды әрекеттерден толықтай бас тартады. Студент — ЖОО-ның дәстүрлерін құрметтейді, институт мүлкін, Студенттер үйіндегі тазалық пен тәртіпті сақтайды т.б ережелерге бағынады.Еліміздің даңқты батыры Б.Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды»демекші заңына бағынған қоғамның алға қарай өрлеуі заңдылық деп санаймын.
Калиева Г.С
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к
Сы Шуопу
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы