Таразда "мектептерге қарулы шабуыл жасаймыз" деп мәлімдеме жасағандар іздестіріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 08 қаз. 2025 10:14

Таразда "мектептерге қарулы шабуыл жасаймыз" деп мәлімдеме жасағандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"КТК" телеарнасы мәліметінше, Telegram месенжерінен ашылған бес адамнан тұратын топта қарудың суреті мен адамшошырлық жазба жарияланған.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді.

"Мессенджерлерде мектептерде болуы мүмкін теракт туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Сіздерден мұндай негізсіз ақпараттарға сенбеуді және тексерілмеген хабарламаларды таратпауларыңызды сұраймыз. Полиция тарапынан тексеріс жүргізіліп, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай толық бақылауда", - деді ІІМ өкілі.

Айта кетейік, террорлық әрекет туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар