"Қорғау" интеллектуалды жүйесі Chevrolet Cobalt жүргізушісі 91 рет ереже бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz. Polisia.kz сілтеме жасап.
Тараз қаласының Жамбыл даңғылында полицейлер Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі бірнеше ай ішінде жол қозғалысы ережесін 91 рет бұзған. Ер адам бірнеше мәрте жылдамдықты асырып, жол ережелері талаптарын елемеген.
Жол ережесін бұзушыны анықтау интеллектуалды “Қорғау” жүйесінің арқасында мүмкін болды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде қадағалаудың тиімділігін арттырады. Сандық технологиялар мен заманауи құрылғылар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды құралға айналуда. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, деп мәлімдейді Polisia.kz.
