Таразда 5 млн теңге бопсалаған қоғам белсендісі ұсталды

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2026 15:56

Жамбыл облысында 5 миллион теңге бопсалаған қоғам белсендісі ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тараз қаласының тұрғыны өзін бопсалап жүрген адамға байланысты арызданған. Өтініш иесінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметті әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, оны жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

"Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезінде ұсталды", - деді ІІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove