Әлемдегі ең ауқымды кітап көрмесіне жыл сайын дүниежүзінің 100 елінен 7 мыңға жуық қатысушы өз жұмыстарын шығарады. Солардың арасынан сарапшы мамандар педагогика ғылымдарының докторы, аймақтық менеджмент академиясының академигі, профессор Владимир Ким мен техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі Мұқатай Немеребаевтың, сондай-ақ техника ғылымдарының кандидаты Виктор Кимнің біріге жазған «Білім алушылардың рухани - адамгершілік тәрбиесін айқындау әдістемесі» монографиясын жоғары бағалады.
Жалпы, аталған оқулық көп ұлтты ұжымда білім алып жатқан жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі проблемаларға арналған. Еңбектің жоғары бағалануының бірден бір себебі, авторлардың ұзақ мерзімдік педагогикалық тәжірибесін пайдаланып жазылғанында жатыр.
Халықаралық деңгейде жоғары бағаланатын бұл кітап көрмесінде осы уақытқа дейін бір де бір қазақстандық авторлардың еңбегі жүлде алған емес. Сондықтан тараздық ғалымдардың бұл жеңісі мақтауға әбден лайық.
Жамбыл облысы әкімнің баспасөз қызметі