Танысына үш банк шотын берген Астана тұрғыны сотталып кетті

Сағыныш Сардарова 11 нау. 2026 10:13

Елорда тұрғыны танысына 43 705 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін өзінің 3 банк шотын заңсыз берген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейін бұл шоттар алаяқтық нәтижесінде жәбірленушіден жымқырылған 195 000 теңге көлеміндегі ақшаны шығару үшін пайдаланылған.

Сотта дроппер кінәсін толық мойындаған. Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 80 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы кесілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура азаматтарды сақ болуға, жеңіл табыс туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және банк шоттары мен жеке дерегін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove