Танымал экономист Мақсат Халық: "Инфляциямен күреc - бағаны тоқтату емес, жүйені түзету"

Сағыныш Сардарова 19 қаң. 2026 09:24

Танымал экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық инфляциямен күрес бағаны тоқтату емес, жүйені дұрыс құру екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшының пікірінше, пайыздық мөлшерлемені арттыру инфляция қарқынын уақытша баяулатуы мүмкін. Бірақ экономикада өндіріс әлсіз, логистика қымбат, ал нарықта монополиялардың ықпалы басым болса, бағаның өсуі бәрібір жалғасады.

Маман инфляциямен тиімді күрес құрылымдық өзгерістерден басталуға тиіс екенін айтты. Соның ішінде ішкі өндірісті дамыту, нарықтағы бәсекені күшейту, тариф саясаты пен бюджет тәртібін жолға қою, сондай-ақ, халықтың нақты табысын қорғау басты басымдыққа айналуы қажет.

Экономист инфляцияны тек ақша-несие саясатының мәселесі ретінде қарастыру қате екенін атап өтті. Оның пікірінше, инфляция - ең алдымен мемлекеттік басқару сапасының көрсеткіші.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove