"Таңғалдық!". Грек туристері Түркістанға саяхаттап келмек

Dalanews 17 қар. 2018 09:15 821

Бұған дейін Грек жерінде Түркістанның туристік әлеуетін паш еткен көрме ұйымдастырылғанын хабарлағанбыз. 

Өз кезегінде Қазақстанның Грекиядағы Төтенше және өкілетті елшісі кеңесшісі Тимур Сұлтанғожин көрмені ұйымдастырушы қазақстандықтарға алғысын білдірді.


Алдағы уақытта Қазақстан мен Грекия арасындағы туристік байланыс нығайып, тарихи-киелі жерлерге бай қазақ жеріне шетелдік саяхатшылардың назарын аударуға елшілік те қолдау білдіретінін жеткізді.



"Бұған дейін "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Түркия Республикасында да көрме ұйымдастырып, бірқатар ірі қалаларына Ясауи мұраларын насихаттаған болатын.


Еуропалық мәдениеттің дамуына үлкен әсер ете отырып туризм саласы дамыған, әсем ландшафты аралдарға бай грек еліндегі


бұл сапарымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығы, Түркістан қаласының облыс орталығы атануына да арналып отыр.



  Грекияға жасалған сапар барысында бірқатар туристік келіссөздер жүргіздік, мәдени-тарихи мұраларды да дәріптедік. Тек көрмені ғана көрсетіп қоймай ұлттық өнер, салт-дәстүр, ұлттық ойындарды да барынша насихаттадық. Мұнда келген қазақстандықтардың әрбірі тек ұлттық киімдер киімдермен қызмет көрсетіп, жан-жақты мәдени, рухани келбетімізді де кеңінен көрсетуге күш салдық.



Еуропалықтар бойы 2 метрден асатын қазақтың хас батырларымен де суретке түсіп, Алматының апортынан дәм татты. Алдағы уақытта тарихы терең, мәдени мұрасы бай қазақ еліне саяхаттамақ ниетте", – дейді бұл ретте "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы.


Көрмеге келушілердің басым бөлігі Қожа Ахмет Ясауи жайлы тарихтан хабардар болғанымен мұраларын алғаш рет көзбен көрді. Сонымен қатар, еліміздегі бірқатар тарихи орындар жайлы да көрме арқылы қызығушылық білдірген туристер Қазақстан жеріне саяхатқа келмек.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар