Таңдау бейбіт атом болуға тиіс

Dalanews.kz 26 қыр. 2024 16:06 2648

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы елдің алдағы дамуына байланысты нақты бағыт-бағдарларды айқындап бергендігіне онымен таныса отырып, көзіміз жетті.

Сондай бір қоғам үшін атом электр стансасына (АЭС) қатысты маңызды мәселені халықтың өзі тікелей таңдауы арқылы шешу қажеттігі жөніндегі Мемлекет басшысының жолдауда атап көрсетуі өте дұрыс қадам болды деп ойлаймын.


Атом электр стансасы (АЭС) бұл бірінші кезекте елдің экономикалық тұрғыдан әлеуетін көтеретін құрылым деп ойлаймын. Бұл ретте шет елдік тәжірибелерге қарасақ, мемлекеттің экономикалық тұрғыда жаңартудың бір жолы атом электр стансасының (АЭС) әлеуетін пайдалану екен.

Біздің жағыдайымызда осы тұрғыда халықтың басым бөлігі жаңарту саясатын саналы түрде қолдаған уақытта бұл мақсат, қандай қиындықтар кезікпесін оның мүмкін болатындығын көрсетіп отыр.
Атом электр стансасы (АЭС) бойынша кәсіби мамандарымыз елдегі жалпы жағыдайға және шешу жолдарын анықтап, дұрыс баға беру мақсатында нақты жағдайға талдау жасап жатыр. Бұл бағытта жұмысты ұйымдастырудың маңызды бір ерекшелігі – ол аталған мәселе бойынша сан-алуан көзқарастарды сараптап, шынайы өмірде нақты жүзеге асуы болып отыр.


Қазіргі уақытта мемлекеттік тұрғыда басым бағыт беріліп отырған аталған саясат шеңберінде бағдарламаның жүзеге асырылуы басталды. Мемлекет басшысы бүгінде еліміз үшін маңызды мәселе әлеуметтік-экономикалық бағдарламаның нақты жүзеге асыру механизмдерін іске қосу жайларын атап көрсеткен. Оны жүзеге асыруда әрбір қоғамдық институттардың атқарар істері ауқымды болмақ деп білеміз.


Ел Президенті қоғамдық дамудың барша аспектілерін ескере отырып, экономикалық реформалар жүзеге асуы үшін бір тудың астына бірігуді алға қойған. Мақсат - экономикалық реформалар жүзеге асып, әрбір адамның, отан үшін тынбай еңбек етіп, елдің жаңаруы мен дами түсуіне үлес қосқан азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсарту.


Әрине, біздің таңдау - бейбіт атом. Себебі, бүгінгі уақытта дүние жүзілік кеңістікте мұнай және газ бағасының құбылмалылығы, осы шикізаттық энергия көздерінің табиғи қорының жылдан-жылға күрт азаюы адамзатты басқа балама қуат көздерін іздеуге мәжбүрлеп отыр. Осы тұрғыда әлемдік экономика басқа баламалы қуат көздерінен әлдеқайда тиімді атом энергетикасын қалап, қуаттап отыр. Бұл тұрғыда бірқатар дамыған елдерде электр қуатын өндіру үлесінде атом энергетикасының үлес салмағы елу пайыздан артып отыр. Сондықтан дамыған елдер жүріп жатқан сара жолмен біз де жүрсек, еш сөкеттігі жоқ.

Махаббат Әлмұхамедова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар