Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын тағы да көтеру жоспарланып отыр. Осыған байланысты Қаржы министрлігі бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа өзгерістер сүзгісі бар және сүзгісіз темекілерге, папиростарға, сигариллаларға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты болады.
Министрліктің мәліметінше, бағаны көтерудің негізгі мақсаты – темекі тұтынуды азайту, халық денсаулығын қорғау және зиянды әдеттердің алдын алу. Сонымен қатар бұл шара мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерін де арттыруға бағытталған.