Талғардағы трагедия: Хасан Қасымбаевтың ағасы қызметінен кетті

Қаракөз Амантай 16 қаз. 2024 09:15 1253

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ал Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат пен оның орынбасары Айбек Бидаевқа сөгіс жарияланды. 

Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылғанын жазған едік.

Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда.

Еске салайық, Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Ал 15 қазанда Ішкі істер вице-министрі тағы үш күдіктінің ұсталғанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.

Одан кейін Шерзаттың үйіне күзет қойылды.

Көп ұзамай марқұм Шерзаттың үйі өртенді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар