Талғарда демалыс орнынан тегін қызмет талап еткен екі полицей ұсталды

Талғарда демалыс орнынан тегін қызмет талап еткен екі полицей ұсталды
Фото: ЖИ

Алматы облысында Талғар аудандық полиция басқармасының екі қызметкері ұсталды. Олар демалыс орнының иесінен тегін қызмет көрсетуді талап еткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, демалыс орнының аумағында бір адам жарақат алған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейін құқық бұзушылық белгілері болмағандықтан жабылған.

Алайда полиция қызметкерлері істі тоқтатқаны үшін демалыс орнына тегін кіруді, мейрамхана қызметін және демалуға арналған үйлерді ақысыз пайдалануды талап еткен. 

Демалыс орнының өкілі 31 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арызданған. 2 қыркүйекте Антикор мен Алматы облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы күдікті екі полицейді ұстады.

Олардың жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланған жоқ.