Талғар трагедиясы: марқұм Шерзаттың үйі өртеніп кетті

Көркем Алдабергенова 12 қаз. 2024 08:35 8480

Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлана бастады. 

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Куәгерлердің сөзінше, үй тұтас өртеніп кеткен.

Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді. 

12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар