Серікжан Қазиұлы 1973 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Алматыдағы индустриалдық техникумды "техник-механик" мамандығы бойынша, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша және Нархоз Университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры" мамандықтары бойынша бітірген.
1997 жылы Алматы қаласында "Бағалы қағазды тіркеу системасы" жабық акционерлік қоғамының тізімдерді жүргізу қызметінің жетекші маманы ретінде өз жолын бастаған. Маңғыстау облысындағы "Бейнеу жолдары" ЖШҚ құрылыс кешенінде механик, бас механик, атқарушы директор болып жұмыс істеген. 2012 - 2016 жылдары Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі болған. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.
Айта кетелік Талғар ауданының бұған дейінгі әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды.