Прокурорлар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жетісу облысының арнайы прокурорлары Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
2020 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алулар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ЖШС-мен саябақты жөндеу бойынша 1 млрд 92 млн теңге көлемінде жұмыс жүргізу туралы келісім-шартқа отырған.
Алайда, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптарына қайшы, тапсырыс беруші мердігердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыру кезінде міндеттемелердің толықтығын қамтамасыз етпеген.
Соның салдарынан мердігер құрылыс жұмыстарын толық аяқтамай, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 млн теңге.
Материалдық залал мемлекетке толығымен өтелді.
Қазіргі уақытта 3 адамға қатысты тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.