Талдықорғанда жол апатынан кейін полицей қызметінен босатылды

Көркем Алдабергенова 05 қар. 2025 16:26

Талдықорғанда болған жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаменті растады.

Хабарламаға сәйкес, полиция қызметкері апат болған сәтте көлікті өзі жүргізіп отырған. Апатқа қатысқан жүргізуші - бұрынғы полиция қызметкері. Ол ішкі істер органдарынан босатылды.
Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар