Талдықорғанда жаңа театр салынады

Dalanews 09 қыр. 2016 11:27 292

Биыл Талдықорғанда жаңа театрдың құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев мәлім етті.

"Биыл Талдықорған қаласында жаңа театр салынады. Облыс әкімінің басшылығымен байқау жарияланды, оған өздерінің жобаларын ұсынған сәулетшілер белсенді қатысты.

Олардың ішінен өзінің теңдессіздігімен көзге түскен ең үздік жоба таңдалып алынды. Жақында театрдың құрылысы басталады және ол аяқталғанда барлығыңыздың оған көздеріңіз жетеді деп сенемін", - деді ол.

Сонымен қатар ол Талдықорғанда арнайы индустрияландыру паркі, көрме павильоны, этноауыл, Салтанат сарайы, сонымен қатар бірқатар қонақүй кешендері, саябақтар мен тұрғын үйлер, жаңа нысандар салынып жатқандығын атап өтті.

"Ол нысандардың қатарында Жастарға қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сарайы, 300 орындық қалалық көпбейінді ауруxана, Қаратал өзенінің жағажайы, жаңа балабақшалар, мектептер, саябақтар және басқа да ғимараттар бар", - деді Б. Өнербаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар