Талдықорғанда 4 санитарлық бекет орнатылады

Dalanews 21 нау. 2020 12:42 702

20 наурыз күні түскі он екілер шамасында Алматы облысынан  1 азамат инфекцияның қақпанына түскені мәлім болды.

Науқас Қарасай ауданының тұрғыны. Ол 18 ақпан мен 17 наурыз аралығында Меккеде, Сауд Арабиясында болған.  Азамат Стамбул арқылы Бішкекке тұрақтап, кейін жеңіл көлікпен оңтүстік Астанаға қайтқан.

Алматы облысының тумасы 20 наурызыда сағат 10.45-те дене қызуының көтерілуі, суық тию белгілерімен Қырғауыл кентіндегі  дәрігерлік амбулаторияға шағымын айтып келген. Негізгі жұмыс жасау тәртібіне сәйкес, сағат 11.30-да  арнайы сыртқы киім киген жедел жәрдем тобы науқасты Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің боксына жеткізген. Қазіргі таңда клиникалық-диагностикалық қажетті зерттеулер жүргізіліп, симптоматикалық емдеу шаралары  басталған.

Арызын айтқан тұлғадан вирусологиялық талдаумен, бастапқы сынама алынған. Қойылған диагнозды растау үшін барлық анализдер Алматы қаласында орналасқан ұлттық  реферанс зертханасына жіберілген.

Бұдан бөлек, коронавирусқа қатысты енгізілген ережеде көрсетілгендей онымен байланысқа түскен барлық адамдар провизорлық бөлімшеге жатқызылды. Белгілі болғандай, қаскелеңдік  тұрғынмен   11 жеке тұлға қарым-қатынас орнатыпты.  Бүгінгі күні Алматы облысы COVID-19 дертінен сақтану үшін барлық шараларды күшейтуде.  Осыған  орай Талдықорған қаласының айналасында тәулік бойы істейтін 4 санитарлық бекет орнатылады.


1-ші санитарлық бекет – Алматы қаласынан кіре берісте, Алматы трассасында орналасқан.   2-ші санитарлық бекет – Қаратал ауданынан кіре берісте, Үштөбе трассасында орын алған.

3-ші санитарлық бекет – Ескелді ауданы, Қарабұлақ трассасында жайғастырылса,  4-ші санитарлық бекет – Ақсу ауданынан кіре берісте, Үшарал трассасында тұр.

Осы тәулік бойы істейтін санитарлық бекеттерде полиция және СЭС қызметкерлері тепловизорлармен тұрады, олар  барлық қалаға кірген адамдарды тексереді!

Сондай-ақ барша келіші  адамдар арнайы сауалнаманы толтыратын болады!  Ескерте кетейік, Алматы облысындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен автожолдар – ашық, оларды жаппайды.

Анар САБЫРОВА

https://dalanews.kz/51608

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар