Талдықорған-Өскемен автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс

Dalanews 21 там. 2024 06:32 1458

Талдықорған-Өскемен автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Талдықорған-Қалбатау-Өскемен автожолын қайта жаңарту бойынша 287-615 шақырым аралығында Жетісу облысындағы 314 шақырымды құрайтын негізгі жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

314 шақырым жолдың 32 шақырым І техникалық санатқа, ал 282 шақырым ІІ техникалық санатқа ауыстырылды.
Автожолдың жоғары қабатына қиыршы тасты-мастикалық асфальттөселді. Құрылысқа 5 асфальт-бетон зауыты, 500-ден астам техника мен 700-ге жуық адам жұмылдырылды, олардың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар.

– Жолдың бұл учаскесі Алматы мен Алакөл арасындағы жылдам және жайлы қатынасты қамтамасыз ете отырып, бұл Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуына ықпал етеді. Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 12 демалыс алаңы және 10 заманауи санитарлық-гигиеналық торап соғу жоспарланған, оның ішінде 4 санитарлық-гигиеналық торабы қолданысқа берілді, - дейді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері.

Талдықорған-Өскемен жолын қайта жаңарту жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар